02 Мамыр 2019
Қамқоршылар кеңесі

Хаттама №1

Күн тәртібінде:

1. Қалалық білім бөлімінің 14.09.2017жылғы   03-04-01-12/785 сандық хатымен таныстыру

2. Қамқоршылық кеңесін құру, құрамын бекіту

Тыңдалды

№36 мектеп-гимназия директоры З.Жолдасова  Қалалық білім бөлімінің  14.09.2017жылғы №03-04-01-12/785сандық хаты негізінде, Қамқоршылық кеңес жұмысының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017жылғы 7 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде қамқоршылық кеңесі құрылып, құрамы бекітілуі   керек екенін айтты.

Ата-ана Е.Қуанышев: Мен сіздің айтқаныңызбен келісемін. Бұндай қамқоршылық кеңес мектеп үшін аса қажет. Себебі, мектебімізде қаншама өнерлі оқушылар немесе жағдайы төмен оқушылар бар. Осындай оқушылардың биік белестерден көрінуіне өз септігімізді тигіземіз деген ойдамын.

Ата-ана Қ.Тажаяқов: Ата-ана ретінде мен де толық келісемін. Енді мұндай кеңес құрылған кезде жұмысын жүйелі жүргізетін өз ісіне мығым, жауапкершілігі бар, мектеппен үнемі байланыста болатын ата-ана сайлануы тиіс деп ойлаймын.

Ата-ана М.Жетиспаева :Мен мұндай жұмысты алып жүре алады деп ата-ана Молдашева Қарлығашты ұсынар едім. Мектеппен үнемі байланыста болып отыратын ата-ана, әрі өз ісіне алғыр екені де байқалады.

Ата-ана  Қ.Кулов: Менің ұлым 1 сыныпта оқиды. Мен де ата-ана ретінде Қамқоршылық кеңесінің құрылуын дұрыс деп санаймын және осы кеңестің жұмысын әйел адамның жүргізгені дұрыс деп санаймын.Құптаймын.

Шешім:

1.№36 мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңесі құрылып, төмендегідей құрамы бекітілсін

Молдашева Қарлығаш – Қамқоршылық кеңес төрайымы

Куанышев Ерболат- Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Амангалиева Айнұр- – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Кулов Канат– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Тажаяков Қайрат– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Алильбаева  Раушан– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Жетписбаева  Маржан– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Карашиев Арман  — Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Умбеткалиев Бақтыгали– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, талаптарға сай құжаттарын реттеу кеңес төрайымы Қ.Молдашеваға міндеттелсін.

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017жылғы 7 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстыру, түсінік жұмыстарын жүргізу кеңес мүшілеріне міндеттелсін.

4.Қамқоршылық кеңесінің жұмысының жүргізілуіне бақылау жасау әлеуметтік педагог Э.Игильмановаға жүктелсін.

 

Жиналыс төрайымы З.Жолдасова

Хатшы: А.Хайреденова