Күн тәртібінде:
- «Мейірім шуағы» қайырымдылық концертін өткізу туралы
- «Мектебіме гүл сыйлаймын» акциясын ұйымдастыру
Тыңдалды
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қ.Молдашева: Кеңес жұмысына сәттілік тілей отырып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Мектепте үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушылар бар екенін, сол оқушыларға көтеріңкі күй сыйлау мақсатында мектептің өнерлі ұстаздары, оқушыларымен бірге қайырымдылық кешін ұйымдастырсақ. Кештің ұйымдастырылуына қолдау көрсетсек қалай қарайсыздар! Сондай-ақ, мектепті көгалдандыру, әсемдеу мақсатында ата-аналар атынан «Мектебіме гүл сыйлаймын» акциясын өткізсек. Мектебіміздің әсем де жарқын көрінуіне үлес қосу.
А.Амангалиева: «Қайырымдылық- адмгершілік белгісі» дегендей, «Мейірім шуағы» қайырымдылық кешін, «Мектепке гүл сыйлаймын» акциясын өткізуге толық келісемін. Баска да ата-аналар қолдау көрсетеді деген сенімдемін.
М.Жетиспаева Қайырымдылық-адам жанының нұры, адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Бұл іс балаларымыз үшін үлгі.Сондықтан Қайырымдылық кешін өткізуге қарсы емеспін.Құптаймын.Гүл акциясын да қолдаймын. Үйде өсірілген бір гүлімізді әкеліп, мектептің әсемденуіне үлес қосамыз деген ойдамын.
Шешім:
- «Мейірім шауағы» қайырымдылық концертінің ұйымдастырылуына жауапкершілік кеңес төрайымы Қ.Молдашева жүктелсін.
- «Мектебіме гүл сыйлаймын» акциясы туралы ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу кеңес мүшелеріне міндеттелсін..
Жиналыс төрайымы Қ.Молдашева
Хатшы: А.Бақтыбаева
