02 Мамыр 2019
Қамқоршылар кеңесі

Хаттама №1

Күн тәртібінде:

  1. Қамқоршылық кеңесін құру, құрамын бекіту
  2. 2017-2018 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Тыңдалды: 

№36 мектеп-гимназия директоры З.Жолдасова Қалалық білім бөлімінің 14.09.2017жылғы №03-04-01-12/785сандық хаты негізінде, Қамқоршылық кеңес жұмысының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017жылғы 7 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде қамқоршылық кеңесі құрылып, құрамы бекітілгенін айтып , биылғы жылы мектебімізде Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жалғасын табатындығын, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қ.Молдашева: 2017-2018 оқу жылында Қамқоршылық кеңесі мүшелерімен бірлесе отырып, біраз іс-шаралардың «Мейірім шуағы» қайырымдылық кеші, «Мектебіме гүл сыйлаймын » акциясы, «Мейрамдардың төресі-көрісу» мерекесін және Аналар мен Отан қорғаушылар, Жеңіс күні» мерекелерін мектеп ұжымымен бірлесіп өткізілгенін айтып,бірлесіп  атқарылған жұмыстары  үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар, өз кезегінде алдағы уақытта жұмыс уақытының тығыздығына байланысты бұл жұмысты, жауапкершілікі алып жүре алмайтынын ескертіп, босатуын сұрады.

Ата-ана М.Жетиспаева: Біз осы ұжымда бірлесіп жұмыс жасағанымызға өте қуаныштымын. Мектеп ұжымымен бірлесіп біраз іс шаралар атқарылған.Сізге Қарлығаш рақметімізді айтып, алдағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз.

Ата-ана Е.Қуанышев:Қамқоршылық кеңес мектеп үшін аса қажет.Өз жұмысын жүйелі түрде жалғаcқаны дұрыс, қолдаймын. Кеңестің жауапкершілігін өз ісіне мығым, белсенді ата-ана жалғастырады деген сенімдемін.

Ата-ана Қ.Тажаяқов: Ата-ана ретінде мен де толық келісемін.Бұл құрылған кеңеске  жұмысты жүйелі жүргізетін өз ісіне мығым, жауапкершілігі бар, мектеппен үнемі байланыста болатын ата-ана сайлануы тиіс деп ойлаймын.

Ата-ана Алильбаева Раушан: Мен мұндай жұмысты алып жүре алады деп ата-ана Аменова Айназия  ұсынар едім. Мектеппен үнемі байланыста болып отыратын ата-ана, әрі өз ісіне алғыр екені де байқалады.

 

Шешім:

1.№36 мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңесі құрылып, төмендегідей құрамы бекітілсін

Аменова Айназия – Қамқоршылық кеңес төрайымы

Куанышев Ерболат- Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Амангалиева Айнұр- – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Кулов Канат– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Тажаяков Қайрат– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Алильбаева  Раушан– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Жетписбаева  Маржан– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Карашиев Арман  — Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Умбеткалиев Бақтыгали– Қамқоршылық кеңесінің мүшесі

2.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, талаптарға сай құжаттарын реттеу кеңес төрайымы А.Аменоваға міндеттелсін.

3.

4.Қамқоршылық кеңесінің жұмысының жүргізілуіне бақылау жасау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Хайреденоваға жүктелсін.

 

Жиналыс төрайымы З.Жолдасова

Хатшы: А.Хайреденова